Қазақстанның жаңа картасына қанша қаражат жұмсалғаны айтылды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажмұхан Бекмұқашев Қазақстанның жаңа картасына қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Цифрландыру министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстанның әкімшілік картасын, сондай-ақ алты облыстың картасын және облыс орталықтарының жоспарын жасауға 56 миллион теңге жұмсалған.

– Қазақстанның жеке картасын алсаңыз, 10 миллион теңге. Жалпы, республикалық бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалған,-деді Қазмұхан Бекмұқашев.

2022 жылғы 8 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ресми түрде жаңа аймақтар құрылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.