Жаңалықтар

Қазақстаннан Түркияға тағы екі ұшақ гуманитарлық көмек жіберіледі

Қазақстан Түркияға қосымша екі ұшақ гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи айтты деп хабарлайды ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

“Қазақстан жіберген 55 тонна гуманитарлық көмек өткен демалыс күндері жер сілкінісі болған аймақтарға жеткізілді. Біздің елшілік пен бас консулдыққа еріктілер әкелген жүктер елімізге жіберіліп, апаттан зардап шеккендерге табысталды”, – деді Уфук Екиджи. 

Сонымен қатар жиналған қосымша гуманитарлық көмек ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұлан бөлген ұшақтармен түрік еліне жеткізіледі. 

“Бүгін Астанадан дәл осы Ұлттық ұланға тиесілі алғашқы ұшақ ұшып шықты. Ертең Алматыдан тағы бір әуе кемесі Түркияға ұшады. Осы заттарды қосқанда Қазақстаннан 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтіледі”, – деді Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі. 

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button