Жаңалықтар

Қазақстандықтар ет және сүт өнімдерін көп тұтына бастады

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну бюллетенін жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz  сайтына сілтеме жасап.

Сурет: qazreiting.kz сайтынан

Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% тиесілі.

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды. Өңірлер бөлінісінде нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – елорда тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button