Жаңалықтар

Қазақстандықтар енді әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы онлайн түрде біле алады

1 наурыздан бастап қазақстандықтар әскери қызмет өткеру туралы өз мәртебесін онлайн режимінде, түзетулер мен құжаттарды ұсынбай біле алады. Проактивті қызметтің іске қосылуы туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

– Әскерге баруға міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босату немесе кейінге қалдыру бойынша тиісті ақпарат телефондарына хабарлама ретінде жолданатын болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар ғана хабарлама алатынын атап өтемін. Бұл қызмет Smart Data Ukimet жүйесі негізінде Қорғаныс министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялау арқылы мүмкін болды, — деп жазды әлеуметтік желіде Бағдат Мусин.

Бүгін жарты миллион әскерге шақырылушылар 1414-тен хабарлама алды. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button