Жаңалықтар

Қазақстандық блогерлердің тізімі кірістер комитетіне беріледі

Қазақстандық блогерлердің тізімін қыркүйек айынан бастап Ақпарат министрлігі кірістер комитетіне береді. Әзірге олардың нақты саны қанша екенін білу қиын, деп хабарлайды ortalyq.kz Қазақстан ҰТ сайтына сілтеме жасап.

 

Мамандар бұл заңнан қорқудың еш қажеті жоқ екенін алға тартып отыр. Керісінше, жалған ақпаратқа жол бермеу, жарнаманы ашық көрсету әлеуметтік желіні реттейді дейді. Бірақ, «инфо-киллерлерді» анықтау оңайға соқпайтынын айтады. Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, табыс тауып жүрген блогерлер 9 қыркүйекке дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

Сарапшы Айбар Олжай:

– Интернет-платформа және интернет-жарнама туралы» жаңа заңдағы екі ұғымды шатастырып алмау керектіген айтады. Бірі – блогер, яғни, ақылы пост жазсаңыз, бірден салық төлейсіз. Екіншісі – онлайн платформа қолданушысы. Олар, әдеттегідей, өз ойын жазады, бірақ ешқандай одан табыс көрмейді. Бірақ дәл осы жерде әлеуметтік желі белсендісінің «инфо-киллер» емес екенін дәлелдеу қиын, – дейді .

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button