Жаңалықтар

Қазақстанда жағылған газ тарифін жаңа норматив арқылы есептеу ұсынылды

Қазақстанда газ тұтынудың «әлеуметтік минимумы» нормативін енгізу керек. Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасенов айтты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Осы орайда ол жағылған газ көлемі тиісті лимиттен асқан жағдайда тұрғындар үшін төлем сомасы да өсетінін айтты.

– Атап айтқанда, қолда бар ресурстарды дұрыс бөлу керек. Мәселен, солтүстік өңірлерде күзгі-қысқы кезең тоғыз айға жуық жалғасады. Осы орайда бір үйдегі қазандық шамамен 500-1000 текше метр газ жағады. Ал, оңтүстік және батыс аймақтарда бір үй газды үш есе көп жағады. Бұл тұрғыда осы үйлердің жанында қандай да бір бизнес бар екенін, яғни қонақүй, дүкен және басқа да нысандар іске қосылғанын білдіреді. Біз «әлеуметтік минимум» енгізгіміз келеді. Жеке тұрғын үй болса, ондағы конфорканы, газ пешін, қазандықты бір нормативке қамтимыз. Егер газ жағу көлемі осы орташа нормативтен артық болса, бұл ретте төлем басқаша есептеледі. Осы тектес талаптар әлемнің біраз елінде ескерілген, – деді Арман Қасенов елордада өткен қоғамдық кеңес отрысында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button