Қазақстандағы қазақтар саны қанша?
Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды, оның 13 млн 985 мыңнан астамы – қазақтар, деп хабарлайды Ortalyq.kz Qazaqstan.tv Telegram каналына сілтеме жасап.
Елімізде барлығы 124 ұлт өкілі тұрады.
Қазақтар – 70,6%
Орыстар – 15,1%
Өзбектер – 3,2%
Украиндар – 1,9%
Ұйғырлар – 1,5%
Немістер – 1,1%
Татарлар – 1,1%
Әзербайжандар – 0,7%
Кәрістер – 0,6%
Ұлттық статистика бюросы дерегінше, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың басым көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың.