Жаңалықтар

Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев алдағы уақытта әуе билеттері арзандауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Талғат Ластаевтың сөзінше, билет бағасы ұсыныс пен сұраныс негізінде қалыптасады. 

– Мұнда көптеген факторлар бар, соның ішінде жан басына шаққанда табыс деңгейі мен бәсеке де бар. Негізінде тариф сұранысқа қарай қалыптасады, – дейді ол. 

Комитет төрағасы 2025 жылға қарай ұшақтар санын 1,5 есеге арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

– Сонымен қатар ашық аспан саясатын енгіздік. Бізге халықаралық әуе компаниялары еш кедергісіз ұшып келе алады, ешқандай шектеу жоқ. Бұл да баға саясатына әсер етеді. Себебі бізге арзан лоукост компаниялар келеді, сондықтан ұшақ билетінің бағасы төмендеуі мүмкін, – деп қосты Ластаев. 

Талғат Ластаев Қазақстанда ұшаққа арналған жанармай тапшылығы бар екенін айтады. Сөзінше, әуе тасымалы құнының 30%-ын жанармай бағасы алады екен. Сондықтан жанармай тапшылығы артқан сайын билет құны да өзгеріп отырады. 

Еске салайық, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер ішкі рейстердегі билеттердің құны не себепті қымбат екенін түсіндірген еді. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button