Жаңалықтар

Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтар белгілі болды

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны болуы мүмкін қауіпті аймақтарды атады, деп хабарлайды ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын ала баға берілді, – деді Ғалидулла Азидуллин 

Вице-министр қауіпті аймақтарды екі топқа бөлінгенін хабарлады. 

Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстары.

Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары. 

– Синоптиктер су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды, одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын хабарлайды. “Қазгидромет” гидрометеожағдайлар күрт өзгерген кезеңде 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулерді алдын ала хабарлайды, – деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button