Қазақстанда газбен жүретін автомобиль саны артқан
Қазақстанда газбен жүретін автомобиль саны көбейген, деп хабарлайды Ortalyq.kz ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Биыл елімізде 4 668 мың автокөлік тіркелген. Оның ішінде 87,6 пайызы жеңіл автомобильдер, 10,3 пайызы жүк автомобильдері және 2,1 пайызы автобустар.
– Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4 пайызы бензинмен жүреді. Аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6 пайыз, дизель отынымен – 7,4 пайыз. Ал, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 1 642-ге көбейген, – делінген хабарламада.