Жаңалықтар

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы өкімімен темекі бағасына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 темекінің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі бұйымдардың ең төменгі бөлшек бағасы мынадай мөлшерде бекітілді:

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін 710 теңге;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button