Жаңалықтар

Қазақстан қос азаматтықты қолдамайды

Қазақстанда 2022 жылы қос азаматтық алғаны үшін 841 адам жазаға тартылды. Оның 138-і сот шешімімен елден шығарылса, қалғандарына айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы бес жылда азаматтық заңнаманы бұзғаны үшін 3 515 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 3000-ына айыппұл салынса, 473-ін шекарадан шығарып, Қазақстан азаматтығын алып тастаған.

– Биыл қос азаматтық фактілерінің алдын алу мақсатында басқа азаматтықты қасақана жасыру үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Қос азаматтығы бар деректі жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе елден шығару қарастырылған. Басқа азаматтықты қабылдау кезінде зардаптарды болдырмау үшін басқа елдерге кеткен және басқа азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары 30 күн ішінде Қазақстанның консулдық мекемесіне азаматтықты жоғалтуды тіркеуге өтініш беруі керек, – делінген ІІМ хабарламасында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button