Қазақстан әйелдер құрамасы садақ атудан тарихи жеңіске қол жеткізді
Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
Блоктік садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан Эстонияны 231:224 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған.
Айта кетейік, әлем кубогі кезеңінде ел құрамасы намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қорғады.
Жарыстағы жолы:
1/4 финал
Қазақстан – Оңтүстік Корея 234:230
Оңтүстік Корея Токио Олимпиадасында чемпион атанған. Бірақ бұл құрамдағы спортшылар емес.
1/2 финал
Қазақстан – Италия 227:227 (28:29)
3-орын үшін талас
Қазақстан – Эстония 231:224
Аталған дода 28 сәуірде мәресіне жетеді. Жалпы әлемдік додаға Қазақстан сапынан 16 спортшы қатысып жатыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz