Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяп қалды

2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам – қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам – ауылда тұрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі – 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалаларында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button