Жаңалықтар

Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келеді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға жұмыс істеуге қай елдің азаматтары жиі келетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

 

2023 жылы 1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 702 шетел азаматы еңбек етеді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтін салалар:

– құрылыс саласы – 5 181 адам (35 %);

– ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 919 адам (13 %);

– тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 340 адам (9 %);

– өңдеу өнеркәсібі – 1 147 адам (8 %);

– кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 829 адам (6  %).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

– Қытай – 3 768 адам (25,6  %),

– Өзбекстан – 2016 адам (14  %),

– Түркия – 1 411 адам (9,5  %),

– Үндістан – 1 391 адам (9,4  %).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24 пайыз немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button