Тағзым

Қазақ ән өнерінің Сейілі еді…

Сурет: Сейіл Аяғанның жеке мұрағатынан

Қазақтың ән өнері орны толмас ауыр қазаға душар болды. Жерлесіміз, белгілі әнші, сазгер, абзал азамат Сейіл Аяғанов 52 жасында өмірден өтті.

Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтің, Нұрғиса Тілендиевтің, Базарбай Жұманиязовтың көп айтыла бермейтін әндерін, 1960-1970 жылдары қазақ даласын әсем әндерге бөлеген талантты сазгерлердің ұмытылып бара жатқан туындыларын жиып-теріп, тыңдарман қауымға қайта ұсынған оның өнерін халық өте жылы қабылдады.

Гитарамен ән орындаушылар арасында ерекше құбылыс болып танылған Қорабай Есеновті ұстаз тұтқан Сейілдің де ән айту нақышы ерекше еді. Оның тебірене орындаған өміршең әндері талайдың жүрегін жаулады.

Сейілдің орындауындағы «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа әсем әндер өнер сүйген қауымның рухани олжасына айналған еді.

Досқа адал, туысқа кішіпейіл, қалың көпшілікке қарапайым мінезімен танымал болған Сейіл Аяғановтың жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталатын болады.

Жатқан жері жарық, иманы саламат болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысы әкімі.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button