Қазақ драма театры 92-ші шығармашылық маусымын ашады
Театр сүйем қауымды Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры 92-ші шығармашылық маусымын 14 қыркүйек күні сағат 18.30-да «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясымен ашып, көрерменімен қайта қауышады.
Режиссері – Теміржан Жанботаев.
Ал 19–24 қыркүйек аралығында театрда КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған «Сын – шын болсын» ІІ Республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивальге қатысуға өтінімді еліміздің әр өңірінен 30-дан астам театр жіберген.
– Фестивальге жіберілген барлық қойылымдарды ұйымдастыру комитеті қарады, бағалады және таңдады. Нәтижесінде фестивальде тоғыз театр өнер көрсетеді. Олардың барлығы соңғы жылдары қойылған ең жақсы туындыларын әкеледі, – дейді театр мамандары.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz