Жаңалықтар

Қазақ драма театры 92-ші шығармашылық маусымын ашады

Театр сүйем қауымды Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры 92-ші шығармашылық маусымын 14 қыркүйек күні сағат 18.30-да «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясымен ашып, көрерменімен қайта қауышады. 

Сурет ұйымдастырушылардан

Режиссері – Теміржан Жанботаев.

Ал 19–24 қыркүйек аралығында театрда КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған «Сын – шын болсын»  ІІ Республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивальге қатысуға өтінімді еліміздің әр өңірінен 30-дан астам театр жіберген.

– Фестивальге жіберілген барлық қойылымдарды ұйымдастыру комитеті қарады, бағалады және таңдады. Нәтижесінде фестивальде тоғыз театр өнер көрсетеді. Олардың барлығы соңғы жылдары қойылған ең жақсы туындыларын әкеледі, – дейді театр мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button