Жаңалықтар

Аялы алақан иесі

Орталық Қазақстан өңіріндегі өнерпаздардың Рымбала апайдың шапағатын, қамқорлығын көрмегені кемде-кем. Аялы алақан иесі.

Кезінде айтысқа қатысқанымда апайдың қамқорлығын көрген жанның бірі өзім. Әлі есімде, Абайдың 150 жылдық мерейтойында барлық облыстан бір ақыннан шақырылғанда, Рымбала апай Мәдениет министрлігіне шығып: «Біз ұлы Абайдың нағашы елі боламыз. Қарағандыдан екі ақын барады» деп, Аманжол екеумізді жібергенін қалай ұмытамыз. Тек, ақындардың ғана емес, әнші, күйші сияқты қаншама өнерпаздың жолын ашты. Жеке шығармашылық кештерін өткізіп, қолдап отырды. «Облыстың мәдениет министрі» деген сөз – шын мәнінде Рымбала Кенжебалақызының сіңірген еңбегіне берілген лайықты қошемет!

Сексеннің сеңгіріне көтерілген Рымбала апай бүкіл саналы ғұмырын қазақ руханиятының кемелденуіне, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты.

Апайға таусылмас бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Қойлыбай АСАНОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button