Медицина

Аялдамадағы нұсқаулық адастырмайды

Енді қала ішіндегі жолаушылар діттеген жерін адаспай табады. Автобус жүргізушісі мен маңайындағы адамдардан аялдаманың аты мен нысаналы жерге қандай қоғамдық көлік баратынын сұрап әуре болмайды. Себебі, қала басындағы жеті аялдамаға қоғамдық көлік қозғалысының сызбалары орнатылды.

Сурет автордан

Қоғамдық көліктегі кондукторлар қызметі тоқтағалы жолаушылар аялдамалардың атауын кімнен сұрарын білмей қиналып қалғаны шындық. Аудио хабарлама барлық автобуста айтыла бермейді. Ал бұл сызба жолаушылар үшін іздегенге сұраған болды.

– Біз көп адамға автобустардың маршрутын түсіну қиын деп ойладық. Барлық жолаушыда ақпаратты көруге болатындай ұялы телефон бола бермейді. Телефон сөніп қалған жағдайлар да болып қалады. Біздің схемалар туристерге, басқа елді мекеннен келген студенттерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да пайдалы. Олар автобуспен немесе шағын автобуспен қажетті аялдамаға қалай жетуге болатынын оңай түсіне алады. Мұндай маршруттық карталар әлемнің көптеген қалаларында орнатылған, оларды барлық жастағы адамдар пайдалана алады,– дейді қалалық Урбанистика орталығының баспасөз хатшысы Айғаным Мұхамедрахымова.

Жолаушылардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Урбанистика орталығы жүзеге асырып отырған шара шынымен де тиімді. Жобаны орталық сәулетшісі Анна Касьян жасап, стендтер демеушілердің көмегімен орнатылды. Әзірге мұндай сызбалар «19-шы орам», «Политех», «Станиславский атындағы театр», «№2 емхана», «Ерубаев көшесі» және «1000 ұсақ-түйек» аялдамаларында орнатылды. Екі жағына да қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Алдағы уақытта меценаттар тарапынан қолдау болса, бұл жұмыс жалғаса береді.

Сағыныш ӘБІЛ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button