Жаңалықтар
Автотұрақ тонаған ұры құрықталды
Қарағанды қалалық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны ақылы автотұрақ кассасынан 200 мың теңге ақша ұрланғанын айтып арызданған.

Автотұрақ – жәбірленушінің жеке кәсібі екен. Автотұрақ күзетшісі жұмыс уақытында белгілі бір себептермен шығып кетеді. Сол арада белгісіз біреу осы сәтті пайдаланып, кассадағы 200 мың теңгені қолды қылған.
Арыз түскеннен кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Нәтижесінде, іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды. Ол өзінің қылмысын мойындап, көрсетпе белгілерін көрсеткен. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 188 бабына сәйкес іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz