Жаңалықтар

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

«Автокөлік тарихы» онлайн сервисі іске қосылған сәттен қазақстандықтар 2 миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлайды ortalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі қолданыстағы көлікті сатып алмас бұрын оның тарихын тексеріп алу керектігін ескертеді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан «Автокөлік тарихы» қызметі көлікті сатып алып жатқанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күні;

– бұрынғы иелерінің саны;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы, сонымен қатар басқа да мәліметтер.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис «102» және «Halyk Bank», «Bereke Bank», «CenterCredit», «ForteBank» мобильдік қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

Алдағы уақытта ІІМ «Автокөлік тарихына» «бірыңғай сақтандыру деректер базасын» қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button