Жаңалықтар

AVON кедергіні кесіп өтіп, әйелдер қауымын сүт безі қатерлі ісігімен бірлесіп күресуге үндейді

AVON Central Asia жыл сайынғы әлеуметтік бастамасын Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күресу айына, яғни, «нартқызыл қазанға» орайластырады.

Сүт безі қатерлі ісігі – Қазақстан аумағында  кең таралған онкологиялық ауру. Жыл сайын мыңдаған қазақстандық  аталған диагноз түрімен бетпе-бет келгенімен,  сырқат ерте анықталған жағдайдың денінде қауіптің  алдын алуға болады. 2008 жылдан бастап AVON әйелдерді қауіпті дертпен күресуде барынша жанжақты қолдау білдіріп келеді. Мәселен, ақпараттық науқандар жүргізіп, қажетті жабдық  сатып алады, дәрігерлерді оқытып, адам  өмірін  сақтауға кепіл боларлық  ақысыз медициналық қадағалау амалдарын ұйымдастырады.

AVON науқаны шеңберіндегі іс-шаралар:

  1. Алматы. 27 қазанға дейін Алматы қаласының тұрғындары сүт безіне ультрадыбыстық сараптамасынан тегін түрде өтіп, «Розыбакиевта» «MEGA Alma-Ata» СОО-да маммологтармен кеңеседі. Қаралу үдерісі демалыс күндері сағат 12:00-ден 20: 00-ге дейін кезек тәртібі бойынша жүргізіледі.
  2. 19 қазанда біртұтас ел бойынша AVON және ҚазОРҒЗИ-дің бірлескен бастамасы аясында Қазақстанның 21 онкологиялық орталығында «Ашық есік күндері» өтеді. Бұл күні әйелдер ақысыз скринингтен өтіп, AVON-нан сый-кәде аларлық мүмкіндікке ие болады.
  3. Астана. 19 қазанда елордалық ботаникалық бақта сүт безі қатерлі ісігі түйіткіліне назар аударуға, әрі аурумен күресіп жатқан нәзік жандыларға қолдау көрсетуге арналған «Pink Run» марафоны өтеді. Қатысу тегін, ал, жеңімпаздар Avon және іс-шараның өзге де серіктестерінен сыйлық иелене алады.
  4. 31 қазанға дейін AVON тұтынушылары Қазақстан бойынша 17 DiVera клиникасында «Әйелдер денсаулығы» бейіні бойынша маммография мен чек-ап-қа 20% жеңілдікті пайдалана алады. Жеңілдік алу үшін my.kz.avon.com сайтынан Avon каталогында электронды және баспа түріндегі баннерді көрсету қажет болады.

AVON қайырымдылық миссиясына қосылып, отандастарымыздың өмірін сақтауға жәрдемдесіңіз. Сіздің әрбір әрекетіңіз маңызды!

PR жарнама негізінде.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button