Жаңалықтар

Ауыр атлетикадан төрт дүркін ел чемпионы Владимир Седов өмірден өтті

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седовтың мәйіті табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 35 жастағы зілтеміршінің мәйіті Қаратал ауданы Достық ауылында тұрғылықты жерінен табылған. 

Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Жақындарының айтуынша, ер адам өзіне қол жұмсаған. Полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғады. Қылмыстық кодекстің 105-бабына («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі аудандық полиция басшысы қадағалайды.

– Кеше кешкісін тәжірибелі ауыр атлет Владимир Седов дүниеден өтті. 2008 жылғы Олимпиада қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордсмені Владимир Седов бала кезінен спортқа шын берілген жан еді. Ерекше жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады,-деп жазады федерация Facebook парақшасында.

Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда Үштөбеде дүниеге келген.

Владимир Седов – еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысты. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button