Бас тақырып

Ауылдық-елді мекендерде медицина қызметкерлері тапшы

Өңірдегі ауылдық елді-мекендерде медицина қызметкерлері тапшы. Статистикаға сүйенсек, 23 дәрігер мен 40 орта медициналық қызметкер жеткіліксіз. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеп, алдағы 2-3 жылда шешуді тапсырды.

Бүгінде маман тапшылығын жою үшін резидентурада мамандар дайындауда. Сонымен қатар, дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етіп, көтерме жәрдемақы бөлу қарастырылған. Ал, еңбек жолын ауылды жерлерде бастағысы келетін медицина қызметкерлеріне 1,5 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін жәрдемақы төленбек.

– Ауруханалардағы ең бастысы – мамандар. Ауылдық жерлерде медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін түбегейлі шешейік. Мұны 2-3 жыл ішінде жүзеге асыру керек. Оларға кең көлемдегі көмек пакетін тағайындау қажет. Яғни, тұрғын үй мәселесін шешіп, көтерме жәрдемақы тағайындау. Сіздердің тараптан айтылған барлық ұсынысты тыңдаймын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button