АймақШет

Ауылда амбулатория ашылды

Шет ауданына қарасты Төменгі Қайрақты ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жаңа жылда жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аудан басшысы Мұхит Мұхтаров өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы денсаулық сақтау саласының маңызын атап өтті.

– Елімізде медицина мамандарының мәртебесі мен беделі жоғары болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласына әрдайым айрықша көңіл бөліп келеді. Медициналық қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту үшін елімізде кешенді іс-шаралар қабылдануда. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде жүзеге асырылған шаруалар аз емес. Бұл жобаны іске асыру шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ орталық аудандық ауруханаларды медициналық жабдықтармен толық жарақтандыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, – деді Мұхит Мұхтаров.

Сонымен қатар, стоматология­лық құрылғымен, зертханалық, физиотерапиялық және ЭКГ ап­па­раттарымен жабдықталуы жергілікті халыққа зор мүмкіндік бе­ретіндігін атап өтті. Алдағы уақытта, емдеу орнында амбулаториялық қызметтен бөлек жарақат таңу пунктін, шұғыл медициналық көмек көрсету кабинеттерін ашу жоспарланған.

Айта кету керек, дәл осындай медицина ғимараттары Шет ауданының 7 елді мекенінде салынып, ел игілігіне беріліп отыр.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button