Ресми

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 6,1%-ға артты

2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,1%-ға артып, 9,2 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Сурет Үкімет

Өсімнің негізгі драйвері егін шаруашылығы болды, онда өндіріс көлемі 7,6%-ға артып, 5,8 трлн теңгені құрады. Мал шаруашылығында көрсеткіштер 3,5%-ға өсіп, 3,3 трлн теңгеге жетті.

– Бұл көрсеткіштер саланың нақты көлем индексі 113% болған былтырғы жоғары базадан бастау алған өндірістің нақты өсімін көрсетеді. Бұл бүгінгі күні агросекторда өткен жылдарға қарағанда едәуір көп өнім өндірілетінін білдіреді, – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айдарбек Сапаров деректердің дұрыстығына арнайы назар аударды. 2024 жылы ведомство жоқ жұмыс көлемдерін алып тастап, статистиканы өзекті ете түсу бойынша ауқымды жұмыс жүргізген болатын. Бұл есептеулер үшін «таза» базаны жасақтауға мүмкіндік берді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button