Ауыл медицинасының әлеуеті артады
Өңірде ауылдардағы медициналық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 17-сі халық игілігіне берілді. Жыл соңына дейін тағы 19 медициналық нысан бой көтереді. Қалған 56 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталады.
Өткен аптада Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов жұмыс сапарымен болып, облыста аталған жобаның іске асырылу барысымен танысты. Осакаров және Шет аудандарында салынып жатқан нысандарды көзімен көріп қайтты.
Жұмыс сапары барысында ауыл халқына уақытылы білікті көмек көрсетудің, кадрлық және техникалық қамтамасыз етудің, халыққа медициналық көмекті үйлестіру бойынша басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ, шалғайдағы ауылдық елді- мекендердің тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері көтерілді.
Ауылдардағы дәрігер тапшылығын жою үшін елдімекендерге баратын мамандарға төленетін бір реттік көтерме көлемі 1,5 миллионнан 8,5 миллионға дейін өсті. Осы уақытқа дейін 63 маманға осындай көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 маманды көтермелеу жоспарланған.
Ұлттық жоба асында Теміртау және Балқаш қалаларының ауруханалары ауданаралық аурухана болып қайта жабдықталады. Бұл да өңір тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыра түспек.
Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz