Жаңалықтар

Аумақты тазалап, тал екті

    «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жеке құрамы жаппай сенбілікті жасыл желекті аймақта өткізді. Осы өңірлікке қарасты әскери бөлімдер аумағын қоқыстан тазалап, тал егіп, көктемдік дала жұмыстарын бастады. 

Биыл алғаш рет өткізілген тазалық шарасына жеке құрам белсене қатысып, әскери бөлімдердің жасыл белбеуін көріктендірді. Мұндай ұжымдық бірлескен шараларды апта сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдыру керектігін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов шара барысында:

Өмір сүріп отырған ортаңның табиғаты әсем, суы мөлдір, ауасы таза болғанға не жетеді?! Міне, бүгін барлығымыз жаппай сенбілікке шығып, ағаш отырғызып, лас-қоқыстан қоршаған ортаны тазартудамыз. Көріп тұрғандарыңыздай көктем шыға қар астында қалған қоқыстар шығады. Қоршаған ортамызды күтіп таза ұстау баршамыздың міндетіміз,-деп атап өтті.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button