Жаңалықтар

Қауіпті шұңқырдың беті жабылды

Қарағандыда «Абзал» сауда үйінің тұсынан өтетін Бұқар жырау даңғылының бойындағы құдықтың беті ашық жатқанын айтып тұрғындар қала әкімдігіне шағымданған болатын. Бүгінгі таңда тереңдігі 50 сантиметр болатын қауіпті шұңқырдың беті жабылды.

Десе де конустар мен ескертпе белгілер әлі алынбады. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің мамандары белгінің жақын арада алынатындығын айтты.

– Мердігер жаңбыр суы кіретін тесіктердің торын орнату жұмыстарын жүргізді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар цементті біркелкі кептіру мақсатында конус белгілері мен сигналдық таспа орнатылды. 2-3 күн мұғдарында белгілер алынып тасталады, – деді Қазыбек би ауданының әкімдігі.

Бұдан бөлек, «Таир» сауда үйінің тұсынан өтетін даңғыл жолдың үстіндегі құдықтың беті жабылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button