Жаңалықтар

Қауіпсіздік – басты назарда

Өткен демалыста, яғни 23-24 желтоқсан аралығында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері барлығы 30 мәрте құтқару жұмыстарын жүргізген. Оның ішінде 14-і – өрт, 16-сы – құтқару және іздестіру жұмыстары. Нәтижесінде мамандар 4 адамды құтқарып, 36 адамды эвакуалациялаған. Эвакуалацияланғандардың ішіндегі бесеуі – бала.

Сурет: aikyn.kz сайтынан

Мәселен, Қарағандыдағы 186 есептік орамындағы «Horizon» демалыс аймағындағы монша өртке оранған. Өрт 60 шаршы метрді шарпып, моншаның ағаш бөліктері жанып кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Сонымен қатар, Осакаровка кентіндегі Жеңіс көшесінің бойында «Audi-А4» автокөлігі өртке оранды. Електр сымдарының тұйықталуына байланысты болған өрттен ешкім зардап шекпеген. Шахтинск қаласы, Долинка кенті, Медеу көшесінде орналасқан жаздық ас үйдің шатыры жанып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button