Басты тақырып

Аuelde latуnsa sуqqanbуz Әуелде латынша шыққанбыз

Ормандай оқырманы бар «Орталығымыз» өткен жылы 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Газеттің алғашқы саны латын қарпімен басы­лып шыққан. 1931 жылдың 4 қазаны күні. Басылымның ол кездегі атауы – «Qaraqandь purьltarьjatь» («Қарағанды пролетариаты»).

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жария етті. Бір демде оқып шықтық. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиді» (Абай).

Мемлекет басшысы рухани құндылығымыз­ды одан әрі жаңғыртудың бағытын айқындай түсті. Біз – ұтылмаймыз! Біз – Мәңгілік Елміз!

Ұлт Көшбасшысы «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім.

Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз.

Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» деп кесіп айтты.

Президенттің бұл мәлімдемесін осы жолы біз тағы да алғашқылардың бірі болып жарияладық. Бірталайдың алдын орадық. Себебі, білім мен ғылымның тілі, коммуникацияның және заманауи технологияның тілінен тысқары өмір сүре алмаймыз. Елбасы айтқандай, тарихтың шаңына көміліп қалмау үшін!

Іске сәт!

Р.S. Тақырып латынша жазылғанымен, қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасы бекітілген жоқ.

Қуаныш Аманқұлов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button