АймақРесмиШет

АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

Көпшіліктің көптен күткен, үміткерлердің ел алдындағы сенімі сыналар Парламент Мәжілісі мен маслихат  сайлауында дауыс беру басталды. Осыған орай, Шет ауданының тұрғындары да таң бозымен таласа өздерінің жергілікті сайлау учаскілеріне дауыс беруге асықты.

 Көпшілікпен бірге, аудандық мәдениет үйінің ішінде орналасқан №728 сайлау учаскесіне аудан әкімі Мұхит Мұхтаров та арнайы тіркеу рәсімінен өтіп, өз дауысын берді. Айта кету керек, барлық сайлау учаскілерінде санитарлық талаптар толықтай сақталып, келушілердің дауыс беруіне тиісті жағдай жасалған. Сақтық шараларынан бөлек, дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әсем әуен ойнатылып тұрғаны да көңілге әдемі әсер сыйлайды. Ал, алғашқы болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да тарту етілді.

 Айта кетейік, Шет ауданы бойынша  аталмыш сайлауға 25 528  дауыс беруші тіркелген. Саяси науқанда барлығы 56 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button