Қарағанды

АУҒАНСТАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

«Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» №6 филиалының оқу залында Тәттімбет атындағы өнер колледжінің І курс студенттері мен кітапхана ұжымы Ауғанстан соғысының ардагерлері, қаламыздың тұрғындары – Т.Мұрынбаев пен Ж.Әубәкіровпен кездесу өткізді.

Кездесуді кітапхана бөлімінің меңгерушісі Г.Алғожина салтанатты түрде ашып, кітапханашылар – А.Ахметжанова мен Г.Қойшыбаева жалғастырды. Олар ардагерлерінің еңбектерін атап өтіп, ауған тарихымен таныстырды.

Кеш қонақтары да соғыс даласында өткерген әскери міндеттерін, соғыс оты шарпыған жастық шақтарын қинала отырып еске алды. Соғыс алапатының зардаптарын, қаншама қыршынның жаны қиылғандығын көздеріне жас ала отырып, тебірене айтты.

Кездесу колледж студенттерінің концертіне жалғасты. Д.Ғабитов пен А.Қабылжағылдың орындауындағы «Ақсақ кұлан», «Елім-ай» атты күйлері, М.Мұталипова мен Ж.Жаниханованың қобызда орындаған А.Жұбановтың ариясы көрермендеріміздің көңілін бір серпілтті.

Кеш соңында Ауған соғысының ардагерлерін тағы да шын жүректен құттықтап, кітапхана ұжымы атынан әрқайсысына ескерткіш ретінде сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, «Мәңгі ескерткіш» және «Мен көрген соғыс» бейнефильмдері көрсетілді.

Г.Қойшыбаева,

«Қалалық орталықтандырылған

кітапхана жүйесі»

№6 филиалының кітапханашысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button