Жаңалықтар

Ата-әженің немерелерімен араласуына қатысты жаңа норма енгізілмек

Қазақстанда атасы мен әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баламен қарым-қатынасына қатысты норма «Ашық НҚА» порталында қоғам талқылауына ұсынылды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: amin.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасы 24 ақпанға дейін талқылауға шығарылып отыр.

Бұл өзгеріс «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»

2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне ұсынылуда.

Толықтырылған 73-1-бапта «Атасының, әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баласымен қарым-қатынас жасау құқығы» деп аталады.

«Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартқан жағдайда, дауды ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді. Қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дауды медиация тәртібімен немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын осы органның қатысуымен сот шешеді», – деп жазылған құжат жобасында.

Айта кетейік, қолданыстағы заңда бұл бап көрсетілмеген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button