Спорт

«Астана» ірі есеппен жеңіліп қалды

«Астана» футбол командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Загребтің «Динамосымен» кездесті. Өкінішке қарай, отандастарымыз бірінші ойынында 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Астана фк

Ойынның 36-шы минутында алаң иелері сапынан Дарио Спикич есеп ашты. Араға 5 минут салып Лука Иванушеч есепті еселеп кетті.
43-ші және 56-шы минутта Лука Иванушеч көзге түсіп, үш голдың авторы атанды.

– «Динамоның» мықты команда екенін білдік. Ойын сапасын да көрдік. Оларға ойында көп мүмкіндік беріп, қорғанысқа түсіп қалдық. Бірінші голды салып кеткеннен кейін, ойынымызды жоғалтып алдық. Дегенмен, барынша керемет ойын көрсеткіміз келгенімен, «Динамо» бізден әлдеқайда мықтылық танытты. Енді қарымта ойында жақсы ойын көрсету үшін өзгерістер енгізу қажет. Қарымта ойыннан жақсы нәтиже күтемін – деді «Астана» клубының Бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян.

Қарымта ойын 2 тамызда «Астана арена» стадионында өтеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button