Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді
Астанаға БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– 2023 жылғы 16-17 наурыз аралығында БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрктің Астана қаласына жұмыс сапары өтеді. Ф.Тюрктің мемлекет және Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесулері жоспарлануда, – деді ресми өкіл.
Сондай-ақ ол аталмыш мейманның дәріс оқуы жопарланғанын айтты.
– Сонымен қатар жоғарғы комиссар биыл аталып өтетін Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік декларацияның 75 жылдығына және Іс-қимыл жоспары бойынша Вена декларациясының 30 жылдығына арналған Қазақ мемлекеттік заң университетінде дәріс береді.
17 наурызда БҰҰ ғимаратында сапар нәтижесі бойынша қорытынды баспасөз брифингі өтеді, – деді Айбек Смадияров.