Жаңалықтар

Асхат Оралов: Мәдениет және өнер қайраткерлеріне жыл сайын «Umai» ұлттық сыйлығы табысталады

Мәдениет және өнер қайраткерлеріне, үздік ұйымдарға жыл сайын «Umai» ұлттық сыйлығы табысталады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі талантты жастар халықаралық фестивальдар мен байқауларға жолдамамен жіберіледі. Үздік ұйымдарға, сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлеріне жыл сайын «Umai» ұлттық сыйлығы табысталады, – деді министр.

Министрдің айтуынша, осыған байланысты республикалық деңгейде ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталған «Халық Қазына» ұлттық өнер орталығы құрылған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button