ЖаңалықтарРесми

Асхат Аймағамбетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: sputnik.kz

Съезд делегаттары партия атынан Мәжіліс сайлауына ұснылатын кандидаттар тізімін бірауыздан мақұлдады. Солардың ішінде Асхат Аймағамбетов те бар.

Айта кетейік, съезд барысында сөйлеген сөзінде Асхат Аймағамбетов 21 жаста жергілікті мәслихат депутатының мандатын қалай атқарғанын еске алды.

– Мен бұл уақытта екі мәселені түсіндім. Біріншісі – жалғыз депутат үлкен, жүйелі мәселелерді шеше алмайды. «Жалғыздың үні шықпайды», – дейді ғой. Екінші мәселе – елімізде үлкен, саяси трансформация болмаса, онда бұл бастамалар бекер, үлкен жүйелі мәселелер шешілмейді. Қазіргі уақытта, менің ойымша, елімізде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Осы өзгерістердің бір заңды жалғасы ретінде қазір болайын деп жатқан сайлауды көремін. Осы сайлау біздің елімізді түбегейлі өзгертуге мүмкіндіктер береді деп ойлаймын. Өзгерістер туралы көп айтамыз. Бірақ сол өзгерістер болу үшін бізге сенім пайда болу керек. Ал сенім пайда болуы үшін нақты істер керек. Халқымыз әр түрлі бос ұрандардан, әр түрлі әдемі жоспарлардан, әр түрлі әдемі слайдтардан шаршады. Нақты іспен дәлелдеу керек, – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін съезд делегаттарының шешімімен Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері Amanat партиясы саяси кеңесінің құрамынан шығарылған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button