Жаңалықтар

Ашаршылық жылдарында талай қандасымыз Иран жерін паналаған, оны ешқашан ұмытпаймыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Иранға сапары аясында ел президенті Ибрахим Раисимен кездесті.
«Біз – Каспий жағасындағы тату көршілерміз. Тарихымыз тамырлас, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз ұқсас. Ашаршылық жылдарында талай қандасымыз Иран жерін паналаған. Оларды құшақ жая қарсы алған иран жұртына алғысымыз шексіз. Оны ешқашан ұмытпаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиды Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Қазақстан жуырда Иран елінің азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізген болатын.
Президенттер кездесуде өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін жеткізу туралы келісті.

Басқа материалдар

Back to top button