Аса жауапты сәт

Приозерск гарнизонында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы алдында бөлім командирі полковник Бектаев Үмітәлі Серікұлының Жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімі болып өтті. Аталған іс-шара Отан алдындағы қызметтің, яғни әскери лауазымдық қызметтің бір орыннан екінші басқа орынға ауысуына орай ұйымдастырылған болатын. Өзінің әскери қызметін взвод командирінен бастап, Приозерск гарнизонының бастығы лауазымына дейін көтерілген полковник Ү.С.Бектаев ендігі қызметін Алматы қаласындағы орналасқан 97617 әскери бөлімінің командирі ретінде жалғастыратын болады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына сәйкес, полковник Үмітәлі Бектаев салтанатты түрде әскери бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасты.

Ал, 44841 әскери бөлімінің командирі болып. подполковник Савельев Дидар Шаймуратович тағайындалды. Ендеше, бірауыздан подполковник Д.Ш. Савельевке сәттілік тілеп, алдағы қызметіне толағай табыстар тілейтінімізді жеткіземіз. Жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімінде 44841 әскери бөліміндегі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің төрайымы Мырзахметова Мастура Шариповна құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара соңынан полковник Ү.С. Бектаев жеке құрамның ортасында тұрып, естелік фотосуретке түсті.

Аса жауапты сәт. Приозерск гарнизонында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштеріне қарасты 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы алдында бөлім командирі полковник Бектаев Үмітәлі Серікұлының Жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімі болып өтті. Аталған іс-шара Отан алдындағы қызметтің, яғни әскери лауазымдық қызметтің бір орыннан екінші басқа орынға ауысуына орай ұйымдастырылған болатын. Өзінің әскери қызметін взвод командирінен бастап, Приозерск гарнизонының бастығы лауазымына дейін көтерілген полковник Ү.С. Бектаев ендігі қызметін Алматы қаласындағы орналасқан 97617 әскери бөлімінің командирі ретінде жалғастыратын болады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларына сәйкес, полковник Үмітәлі Бектаев салтанатты түрде әскери бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасты.

Ал, 44841 әскери бөлімінің командирі болып. подполковник Савельев Дидар Шаймуратович тағайындалды. Ендеше, бірауыздан подполковник Д.Ш. Савельевке сәттілік тілеп, алдағы қызметіне толағай табыстар тілейтінімізді жеткіземіз. Жауынгерлік Тумен қоштасу рәсімінде 44841 әскери бөліміндегі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің төрайымы Мырзахметова Мастура Шариповна құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара соңынан полковник Ү.С. Бектаев жеке құрамның ортасында тұрып, естелік фотосуретке түсті.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
лейтенант Думан Жұмашұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.