Асқақ абырой жолында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арнаған Үн­деуінде Қазақстанда Үкіметті жа­сақтауда Парламенттің ролі күшейтілетінін және Президенттің әлеуметтік-экономикалық про­цес­­терді реттеудегі біршама өкі­­леттіктерін Үкіметке және бас­қа да атқарушы органдарға бе­ре­тінін айтты.

Ұлт көшбасшысы бұдан былай бұл салаға Үкімет, минис­тр­ліктер және әкімдіктер то­лық­­тай жауап беретінін, ал, Пар­ламент үлкен күшке ие бола отырып, бұл мәселелердің қалай шешілетіндігін бақылайтынын атап көрсетті. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Сондықтан, Ата За­ңымыз – Конституцияның 40 шақты бабына өзгерту енгізілетіні мәлім болды.

Бүгінгі таңда әлем өзгеріс үстінде. Заман ағымына сай елі­­мізге тиімді мемлекеттік бас­қару жүйесін енгізу қажеттігін сезінген Елбасы Н.Назарбаев өз өкілеттіктерімен бөлісуге шешім қабылдады. Абыройлы Парламент, есепті Үкімет құру жолында бірге жұмыс істеуге, Қазақстанды демократиялық жолмен дамы­туға ат салысуға шақырды.

Ж.КЕҢЕСОВ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.