Өткен жылдан бері республикалық AMANAT партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен «Қарызсыз қоғам» жобасы қолға алынып, жүзеге асырыла бастаған еді.
Жобаның мақсаты – несиеге батқан халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырып, несие алудың жолдары мен тәртібін түсіндіріп, интернеттегі және басқадай алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою болатын.
Осы орайда AMANAT партиясының Абай аудандық бөлімшесінде бүгіннен бастап, үш апталық оқыту курсының сабақтары басталып та кетті.
– Бұл курсқа әр санаттағы 45 адам қамтылды. Олар бізге жазған өтініштері бойынша оқуға қабылданып, оларға білікті модератор Тимур Рақымжанов дәріс оқиды. Жалпы, биыл аудан бойынша тағы да төрт қысқаша курсты ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – дейді AMANAT партиясы Абай аудандық бөлімшесінің төрағасы Нұрлан Адашев.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz