Басты тақырып

Ғарышты да, ғаламды да бағындырамыз

      ERA_8314Ұлы Қазақстан ұтылмайды. Төл тарихымыз жасампаздық жолымен жаңғырды. Дана халқымызды даңғыл жолға бастаған Елбасымыздың сарабдал саясаты жемісін берді. Уақыт – төреші, уақыт – куә!

Ширек ғасырда бәсекеге қабілетті мемлекет құрдық. Талайғы арманды – арайлы таңдарды қарсы алдық. «Біз – Мәңгілік Елміз!» – деп Жер-жаһанға жар салдық.

Астана халықаралық әуежайының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ есімімен аталуы – тарихи шешім. Қалың ел құптаған бастаманы біздің өңір тұрғындары да бір ауыздан қолдайды.

Әрине, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өнегелі өмірі Қарағанды облысымен тығыз байланысты. Тұғырлы тұлғаның еңбек жолы біздің аймақтан бастау алды. Президентіміздің өзі де Қарағанды өңірінің жанына жақын екендігін үнемі алға тартады.

Елордамыздағы әуежайды Елбасының есімімен атау туралы шешімді ыстық ықыласпен қабылдадық. Іштей қуандық, жақсы ырымға баладық. Нұрсұлтан Назарбаевтың халқы үшін жасаған еңбегінің жанғаны деп бағаладық.

Мұндай шешімнің әлем тарихы үшін жат жаңалық еместігі мәлім. Себебі, Түркия астанасы – Стамбул әуежайы Ататүрік есімімен аталған. Сондай-ақ, Францияның Парижінде Шарль де Голль атындағы халықаралық әуежай бар. Біздің бас қаламыз – Астанадағы халықаралық әуежайдың да Тұңғыш Президентіміздің есімімен аталуы – заңдылық!

Сан ғасыр бойы аңсап күткен Тәуелсіздік жылдарына тәу етеміз. Тереземіз – тең, керегеміз – кең. Ұлы Дала Елін әлем таныды.

Қазақстан – Бейбітшіліктің бесігі! Жетістігіміз – алуан, алар асуымыз – алда!

Бас қала, жас қала – Астана – алты құрлық назарында! «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізіп жатқан елдің өресі – биік, талғамы – терең! Біз – Ұлы Дала Еліміз!

Қасиетті даламызға дүйім жұрт көз тікті. Дөңгеленген дүниеге – Әлемге, Ғарышқа, Болашаққа жол ашық!

Қыран тектес қазақ қияға көз шалды.

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы бастаған Қазақ елі биікке самғай берсін!

Біз – Әуені бағындырған елміз! Әлемді де бағындырамыз!

Сайлау БІЛӘЛОВ,

Социалистік Еңбек Ері.

Суретті түсірген

Е.ОМАРОВ.

***

Сан мыңдаған шетелдіктерді қабылдайтын халықаралық әуежайға Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру еліміздің тарихындағы басты оқиға деп есептеймін.

Бұл – Елбасының жаңа заманауи Қазақстанды құру жолындағы ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Нұрсұлтан Әбішұлы – егемен елімізді беделді мемлекет ретінде қалыптастырып, экономикасы мен халықтың әл-ауқатын жақсарту арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан аса дарынды тұлға.

Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен астанамыз әлемге танылды. Президенттің бейбітшілік сүйгіш, көреген саясатының арқасында біздің еліміз лайықты бедел мен құрметке ие болды. Оның айқын дәлелі – Халықаралық “ЭКСПО – 2017” көрмесінің біздің елімізде өтуі. Бұған дейін ТМД кеңістігінде көрмені өткізу бақыты ешбір елге бұйырған емес. Ал Қазақстан болса, алпауыт елдермен аламанға түскен бәйгеде жеңімпаз атанып, тағы да талай елді таң қалдырды.

Шетелдерде танымал саясаткерлердің қоғамға сіңірген елеулі еңбектері үшін олардың есімдері маңызды нысандарға беріледі. Мысалы, Америка Құрама Штатының әуежайы Джон Кеннеди атымен аталса, Стамбул әуежайы Мұстафа Кемал Ататүріктің атымен аталады. Біздің еліміздегі осындай кемеңгер саясаткер – Тұңғыш Президентіміз. Сондықтан да халықаралық әуежай Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының есімін беруге әбден лайық деп ойлаймын.

Қадиша Оспанова,

«Нұр Отан» партиясы облыстық

филиалы төрағасының

бірінші орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button