Жаңалықтар

«Артық білім – кітапта»

№34 түзету мекемесінде «Шекарасыз оқу» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың басынан мекемеде Қарағанды облысының қоғамдық-бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен, «Шекарасыз оқу» комиссияның IV отырысы өтті. Оған 62 сотталушы қатысып, 100-ден астам кітап оқылды. Комиссия нәтижелері бойынша алғыс түрінде көтермелеуге 40 сотталушы ұсынылды.

– «Шекарасыз оқу» – сотталғандардың кітап оқуға қызығушылығын жандандыру және сауаттылығын арттыру. Өйткені, тәрбие қызметінің қағидаттарының бірі, олардың мәдени деңгейін арттыру болып табылады. Бұл жоба барлық сұраныстарға толық сәйкес келеді, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Әсет Қызылов.

Жобаны іске асыру келесі талаптардан тұрады: ұсынылған әдебиеттер тізімінен кемінде 1-2 шығарманы оқығаннан кейін, сотталғандар эссе жазып және оқылған кітаптардың кейіпкерлері туралы өз әсерлері туралы айтады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button