Қарттарым – асыл қазынам

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өмірдегі ең сыйлы да, ардақты әкелер мен аяулы аналарға құрмет көрсетті.


Аталған іс-шараға осы әскери бөлімге қарасты «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері де қатысты.
Құрмет көрсетудің шымылдығы 06708 әскери бөлімінде еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персоналы Жолдасбек Уразовтың отбасының төрінде ашылды. Еңбек етуден еш жалықпайтын 68 жастағы Жолдасбек Жұмайұлы медициналық ротада сарбаз жанының арашасы ретінде тынбай еңбек етіп түр. Ауырған сарбаздарды емдеуде ақ халатты абзал жандармен бірге егде жастағы Ж. Уразов асқан белсенділік танытып келеді.Құттықтау сөз сөйлеген медициналық ротасының әскери қызметшісі Елена Пронягина алдыңғы толқын аға Жолдасбек Жұмайұлына ұзақ өмір тіледі.

06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы майор Ермек Аширметов бастаған топ келесі кезектематериалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының әскери қызметшісі Бахытжан Еспенбетовтың анасына құрмет көрсетті. Мереке күнімен құттықтауға келгендер тағы бір қуанышқа тап болды. Отбасының мақтанышы аяулы ана Бибісара Жартыбасова мереке күнінде өзінің отбасы ортасында туған күнін атап отыр екен. Бас қосқан ортада 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс атқару ұжымындағы отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу секторының төрайымы ефрейтор Сая Амангелдіқызы Мусатаева құттықтау сөз сөйлеп, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Абековтың атынан қол қойылған Мақтау грамотасын табыс етті.

Сонымен қатар, үлкендерге құрмет көрсетуге жол тартқан топ 64 жастағы аяулы ана Сабира Мусатаеваны да мереке күнімен құттықтады. Бір ерекшелігі анамыз Сабира Жұмағалиқызының отбасындағы ұлы Нұрбол, қыздары Сая мен Айдана 06708 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі ретінде Отан алдындағы әскери қызметтерін абыроймен атқарып жүр. Осындай әскери жанұяның мақтанышына айналған аяулы ана Сабира Мусатаеваға Мақтау грамотасын табыс еткен Қарулы Күштер ардагері Тілек Кенжебеков алдағы өміріне зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.