Жаңалықтар
Қарттар үйінде мерекелік концерт өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесінің» мүшелері, мерекелер қарсаңында концерттік бірлестікпен бірлесіп, «Благодать» қарттар үйлерінің қарияларына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Концерттік бірлестігінің өнерпаздары қарттарды мерекемен құттықтап, өз тілектерін білдіріп, тамылжыта ән шырқады.
Көрермендерге мерекелік бағдарлама жағымды әсер қалдырып, керемет көңіл сыйлады.
Іс-шара соңында қариялар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.