Жаңалықтар

Қарт ана өз таңдауын жасады

Шет ауданы Ақадыр кентінде тұратын 84 жастағы әже А.Метжанова ел үшін маңызды істен шет қалмады. Кейуана №734 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Әженің айтуынша, құрылған комиссия мүшелері үйіне барып қызмет көрсетпекші болған. Бірақ, көпбалалы ана өзі келіп, үміткерлерге дауыс бергенді қалаған көрінеді.

– Сайлау, бұл – ел үшін аса маңызды шара. Жасы мен жасамысы мұндай жауапты сәтте қалыс қалмауы керек. Әсіресе, жастар мемлекетке қатысты саяси науқанда қол қусырып қарап отырмауы тиіс. Елдің гүлденуі халыққа байланысты. Егер республиканың тұрғындары белсенді болса, барлығы оң шешімін табады. Осы жасыма дейін бірнеше сайлауға қатыстым. Мен ұрпағымның болашағы үшін дауыс бердім, – дейді әже.

10 баласынан 28 немере, 17 шөбере көріп отырған ауылдың жасы үлкен анасы бұл жолы халық қалауына басымдық берілетінін, бұл сайлаудың да ерекшелігі осы екенін жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button