Жаңалықтар

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ Теміртау орталық ауруханасын жаңа жабдықтармен қамтамасыз етті

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ компаниясы “Теміртау қаласының орталық ауруханасы” КМК үшін медициналық техниканы сатып алды. Қазір күйік бөлімі, сондай-ақ реанимация мекемелері арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қыркүйек айында “АрселорМиттал Теміртау” АҚ және “Теміртау қаласының орталық ауруханасы” КМК меморандумға қол қойды. Меморандумның басты мақсаты – Теміртау тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасын жақсарту. Келісім шеңберінде “АрселорМиттал Теміртау” АҚ орталық ауруханаға күйік бөлімшесіне арналған заманауи жабдықтарды сатып алды. Мекемеде мобильді рентген аппараты мен жедел жәрдем көлігі пайда болды.

– 200 миллион теңгеден астам сомаға жабдық алынды. Соның ішінде күйікке қарсы жапониялық екі кереует, жедел жәрдем көлігі, оттегі газификаторы және жылжымалы рентген аппараты бар. Бүгінгі күні меморандум бойынша міндеттемелер орындалды. Енді күйік бөлімшесінің пациенттерінің сапалы көмек алуға мүмкіндігі бар, – дейді “Теміртау қаласының орталық ауруханасы” КМК директоры Самат Кенжебаев.

Қаланың орталық ауруханасының дәрігерлері қуаныштарын жеткізіп, мұндай жабдық ауыр жарақаттары бар науқастарға шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Күйікке қарсы кереует пациентке ыңғайлы. Айтарлықтай жарақаты бар адамдар, әсіресе артқы жағы күйгендер, салмақсыз күйде қалықтап жүргендей болады, осылайша жараларға қысым түспейді. Бұл ауырсынуды басады, соның нәтижесінде емделу курсы ыңғайлы әрі нәтижелі болмақ. Кереуетке науқасты жатқызғанда, қан айналымына кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылады. Микросфералар арқылы өтетін ауа автоматты түрде қажетті температураға дейін қызады да, бактериялардың көбеюіне жол бермей, теріге кептіру әсерін тигізеді. Оның материалы инфекциялық асқынулардың қауіпін азайтады.

Сондай-ақ, мұндай кереуеттер ұзақ емдеу курстарында және науқас қозғала алмайтын кезде қажет, өйткені ол төсек жараларының алдын алады. Терең жырықтар, үсік шалу сияқты жарақаттардың қалпына келу процесін тездетеді.

Тағы бір жаңашылдығы – оттегінің бөлінуін орталықтандыру. Орталық оттегі баллон жүйесін жояды, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, үздіксіз жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жылжымалы рентген аппараты сатып алынды. Бұл тасылмалдауға келмейтін, оттегіге тәуелді ауыр жағдайдағы науқастарды диагностикалау үшін қажет. Құрылғы цифрлық заманауи жүйеде жұмыс істейді. Суретті дереу әлемнің түкпір-түкпіріне жіберуге болады, мейлі ол дәрігердің ұялы телефоны немесе басқа қаладағы медициналық мамандардың консилиумы болсын.

– Рентген аппараты өте мобильді әрі керемет, осындай құрылғының арқасында пациенттерімізге нақты диагностика жылдам жасалады. Осындай керемет сыйлық үшін “АрселорМиттал Теміртауға” алғыс білдіреміз, – дейді орталық аурухана дәрігерлері.

Дәрігерлер науқастарды ауруханаға реанимациялық жүйемен жабдықталған жедел жәрдем көлігімен жеткізеді. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа техника барлық науқастарға пайдалы.

– “АрселорМиттал Теміртау” әлеуметтік-жауаптылықты мойнына алады. Компания өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруда. 2022 жылы әлеуметтік инвестициялар сомасы 52 миллиард теңгеден асты. Біз әлеуметтік бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Бұл іске үлес қосқанымызға қуаныштымыз! Енді Теміртау тұрғындары сапалы медициналық көмек ала алады, сондай-ақ жаңа жабдықтардың көмегімен ауруларды ерте диагностикалай алады, – деп атап өтті “АрселорМиттал Теміртау” АҚ бас директоры Владимир Яблонский.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button