Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік халықаралық конференциясына бас серіктес болып қатысты

24-26 мамыр аралығында Астанада «KIOSH-2023» еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ХХІ қазақстандық халықаралық конференциясы өтті. Мұнда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас серіктес болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.


«KIOSH-2023» – пікірталастар мен кездесулер өткізуге, тәжірибе мен білім алмасуға, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетуге арналған еліміздегі жалғыз мамандандырылған алаң болып табылады. Конференцияның негізгі мақсаты – үкімет, жұмыс беруші, кәсіпорындар мен жұмысшылар арасындағы ашық диалог пен ақпарат алмасу.

Диалогтық алаңда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысып, стратегиялық отырыс болды.

– Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігіне жауапкершілігін күшейту қажет. Бұл ретте еңбек саласына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейтіп, үлкен көңіл бөлінуі керек. Сондықтан қазір 245 кәсіпорында қолданылып жатқан «Халықтық бақылау» бағдарламасын кеңейткен дұрыс. Соның ішінде 420 кәсіпорында енгізілген «нөлдік жарақат» тұжырымдамасын одан әрі жетілдіру де маңызды. Біз үшін адам өмірі мен денсаулығы бәрінен қымбат, – деді Алтай Көлгінов.

Сессия барысында 2023 жылға арналған еңбекті қорғау тенденциялары, корпоративтік мәдениет мәселелері және негізгі қауіпсіздік талқыланды.

– Біздің компания еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік халықаралық көрмесінің тұрақты қатысушысы. Бұл іс-шара өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әртүрлі құралдарды ұсынады. Мұнда өндіріс жағдайын жақсарту мақсатындағы соңғы өнімдермен танысу үшін бөлім басшылары ғана емес, өндіріс орындарының қызметкерлері де қатысуда. Көрме сынап көруге тұрарлық қызықты ұсыныстармен бөліседі. Бұл ауысым алдындағы бақылауға, жеке қорғаныс құралдары мен басқа да аспектілерге қатысты. Біз бұл саладағы жаңа шешімдерге ашықпыз. Ал олардың қаншалықты қолайлы екенін уақыт көрсетеді, – деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ стендінде конференцияға қатысушыларға компанияның өндірістік жарақат алу қаупін барынша азайтуға бағытталған қадамдары таныстырылды.

– Бұл стендте қазіргі заманғы жабдықтар – шахтаның орналасуын анықтау жүйесі көрсетілген. Бұл жабдық біздің қызметкерлерді оқыту орталығында қолданылады.Мұнда әртүрлі жағдайлар мен құрал-жабдықтардың құрамдас бөліктері тағы басқа да жағдайлар анық көрсетілген. Сонымен қатар мұнда позициялау жүйесі мен жұмыс кезінде туындауы мүмкін мәселелер және оны шешу үшін басшылықпен қалай байланысуға болатыны туралы кең ақпарат көрсетілген. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ететін операциялық және визуалды жүйе. Біз бұл жүйені 2027 жылға дейін белсенді түрде дамытуды жоспарлап отырмыз, –  дейді Владимир Яблонский.

Конференция делегациясының құрамында Көмір департаментінің директоры міндетін атқарушы Сергей Огай мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінің өндірістік директоры Сергей Голубцов, Көмір және болат департаменттерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік басқармасының өкілдері, сондай-ақ шахта мен жер үсті кәсіпорындарының директорлары, еңбекті қорғау инженерлері болды. 

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері «Корпоративтік тәжірибе қауіпсіз еңбек мәдениетін дамыту факторы» іскерлік кездесуіне, «Кәсіби құзыреттіліктерді дамыту үлгісі» сессиясына, «Профилактикалық медицина – кәсіби денсаулық негізі» дөңгелек үстеліне қатысты.

Бұл брифингтер, дөңгелек үстелдер, панельдік және стратегиялық сессиялар – KIOSH конференциясы бағдарламасының шағын бөлігі ғана. Оның басты тақырыбы биылғы жылы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін өзгерту бағытында болды. Конференция диалог пен пікірталас форматында өтті.

«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында стендтерде әлемдік брендтерді көрсететін Қазақстан мен Ресейден барлығы 35 компания қатысты. Олар жеке және ұжымдық қорғанысқа арналған жаңа өнімдердің, тоқыма бұйымдарының және жабдықтардың, оңалту және профилактикаға арналған өнімдердің үлкен таңдауымен тәжірибе және білім алмасу үшін оқу орталықтарымен бөлісті.

ArcelorMittal басымдықтарының бірі – тұрақты даму үрдісі. Компания парниктік газдар шығарындылары төмен болат өндірудің жаңа технологияларын қолдану арқылы қоршаған ортаға тигізетін зиянды азайту үшін жұмыс істеуде.

ArcelorMittal брендінің заманауи цифрлық және өнеркәсіптік технологияларға қатысты халықаралық позициясы өндірісті жақсарту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру екенін, жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын осыдан-ақ байқауға болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button